Қазақстан мен Латвия екіжақты қатынастарды тереңдетуге ұмтылысын растады

Қазақстан мен Латвия екіжақты қатынастарды тереңдетуге ұмтылысын растады

Астана, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті.

Қазақ делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал латвиялық делегацияны ЛР СІМ Бас хатшысының орынбасары – саяси директор Иварс Ласис жетекшілік етті.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-латыш ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір бөлісті.

Көлік-логистикалық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. А. Исетов Латвияның Балтық өңіріндегі маңызды көлік-логистикалық хаб екеніне назар аударып,  Қазақстанның латвиялық тараппен жаңа маршруттық коммуникацияларды одан әрі дамыту ниетін растады.  Бұл тұрғыда тараптар екі елдің көлік органдары арасындағы қалыптасқан өзара іс-қимылды құптады.

И. Ласис ү.ж. мамыр айында жоспарланған Латвияның Ауыл шаруашылығы министрі А. Краузенің Астанаға сапарының маңыздылығына тоқталды. Оның пікірінше, Қазақстан әлемдегі ірі бидай экспорттаушылардың бірі болып табылады, өз кезегінде Латвия ветеринария, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа да бағыттар бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар өзара құрмет, ашықтық және прагматизм қағидаттары негізінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.