Қазақстан мен Латвия Іскерлік кеңестің жұмысын қайта жандандыруда

Қазақстан мен Латвия Іскерлік кеңестің  жұмысын қайта жандандыруда

Рига, 2026 жылғы 7 сәуір - Рига қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріпов Қазақстан-Латвия Іскерлік кеңесінің тең төрағаларымен кездесу өткізді: қазақстандық тараптан - «Атамекен» ҰКП Машина жасау комитеті Президиумының мүшесі Роман Абенов, латвиялық тараптан - Латвия темір жолдары Басқармасының мүшесі Ринальдс Плявниекс.

Кеңестің тең төрағалары ынтымақтастықтың басым бағыттары - өнеркәсіптік кооперация, агроинженерия, фармацевтика және көлік-логистика салалары бойынша бірлескен жұмыс жоспарлары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ тараптар екіжақты өзара іс-қимылды әртараптандырудың, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Латвияның бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды жандандыруға жәрдемдесу, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты мазмұнды тұрғыда одан әрі толықтыру жөнінде уағдаласты.