
Лиепая, 2025 жылғы 4 қараша - Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвияның ірі өнеркәсіптік және порттық орталығы Лиепая қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Елші өзінің бірегей технологияларымен және жоғары білікті инженерлік-техникалық персоналымен танымал, табысты қызметтің жүз жылдық тарихы бар «Liepaja Northern Shipyard» кеме жөндеу зауытына барды. Зауыт басшылығымен кездесу барысында қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қаланың бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесулер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және елдер арасындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктері туралы пікір алмасу болды.