Қазақстан Республикасының аумағына кіру кезіндегі санитарлық шараларды одан әрі күшейту туралы

Қазақстан Республикасының аумағына кіру кезіндегі санитарлық шараларды одан әрі күшейту туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде санитарлық шаралар одан әрі күшейтілді. Осылайша, Қазақстан Республикасына әуе, теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автокөлікпен келетін Қазақстан Республикасының және шетел азаматтарында міндетті түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде қызуды өлшеу, сауалнаманы толтыру және кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманың болуы қажет.

ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда Қазақстан азаматтары мен шетел азаматтары әуе кемесіне отырғызылмайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автокөлікпен келетін шетел азаматтарында анықтама болмаған жағдайда, олар COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін екі күнге карантиндік стационарға жіберіледі.

Толық ақпарат Елшіліктің «Консулдық және виза мәселелері» бөлімінен https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/article/details/23229?directionId=4397&lang=kk   және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің сайтынан сайтынан ала аласыздар https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/185824?lang=kk.