Латвияға келетін азаматтарды тіркеудің жаңа ақпараттық жүйесі туралы

Латвияға келетін азаматтарды тіркеудің жаңа ақпараттық жүйесі туралы

COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын бақылау және алдын алу мақсатында 2020 жылдың 12 қазанынан бастап Латвияда «Латвия Республикасының аумағына кіретін адамдарды тіркеудің ақпараттық жүйесі (IECIS)» іске қосылады. Жүйе Латвия шекарасынан өтетін барлық азаматтарды «Covidpass.lv» мамандандырылған сайтта электрондық сауалнама жүргізуді қарастырады.

Электрондық сауалнаманы толтыру міндетті болып табылады. Сауалнама Латвия Республикасының шекарасын өткенге дейін 48 сағаттан аспай толтырылуы тиіс. Сауалнаманы толтырған адам QR-кодқа ие болады, оны елге кірген кезде шекаралық қызметке ұсыну қажет.

Сауалнамада келесі ақпаратты көрсету керек: аты-жөні, жеке сәйкестендіру коды (ҚР азаматтары үшін - ЖСН), Латвиядағы тұрғылықты мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, сонымен қатар соңғы 14 күн ішінде болған шет ел туралы ақпарат.

Сауалнамада көрсетілген ақпарат автоматты түрде Латвияның құқық қорғау және медициналық органдарына – Мемлекеттік полиция, Мемлекеттік шекаралық қызметке және Аурудың алдын алу және бақылау орталығына жіберіледі. Жеке ақпарат 30 күн сақталынып, одан кейін жойылады.

Толық ақпаратты Латвияның Ішкі істер министрлігінің сайтынан біле аласыздар www.iem.gov.lv.