Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Латвияның Иммиграция туралы заңына түзетулердің енгізілуіне байланысты ү.ж. 1 қыркүйегінен бастап Латвияның құзыретті мекемелері берген визасы немесе тұруға ықтиярхаты жоқ үшінші елдердің азаматтары, оның ішінде Қазақстан азаматтары (ЕО, НАТО, ЭЫДҰ, ЕЭА, Швейцария және Бразилия мемлекеттерін қоспағанда), Латвияға кірерден кемінде 48 сағат бұрын өздері, туыстары және сапардың мақсаты туралы қосымша ақпарат беруге міндетті.
Ақпарат Латвияға қатысты қауіп-қатерлердің алдын алу жөніндегі мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы http://eta.gov.lv/ сайтында ұсынылуы тиіс.
Жалған ақпарат ұсыну немесе мүлдем ұсынбау 400 айыппұл бірлігіне (2 мың еуро) дейін айыппұл салу мүмкіндігімен әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.