Меню

Страницы

Статья

30 күнге дейін бір реттік сапарлар үшін визасыз режимді қалпына келтіру

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 57 елдің азаматтары (тізім қоса беріледі), оның ішінде Латвия Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасы енгізген біржақты визасыз режимді қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына сәйкес, егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, осы 57 мемлекетердің азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы профилактикалық іс-шараларға сәйкес қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ведомствоаралық комиссиясының арнайы рұқсаттары бар саяхатшылардың жекелеген санаттары мен 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің тізімінде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту шектелген.

ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі осы сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/article/details/28054?lang=kk

 

Дата публикации
22 декабря 2022
Дата обновления
22 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
22 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру
22 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары