Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Латвия Республикасы Қазақстанның Балтық өңіріндегі маңызды сауда-экономикалық серіктесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан мен Латвия арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 216,2 млн. долларды құрады.

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында тауар айналымы 224,2 млн. АҚШ долларын құрап, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (116,5 млн. АҚШ доллары) 92,5%-ға артты.

2023 жылы Қазақстаннан Латвияға негізгі экспорттық тауарлар: мыс және мыстан жасалған катодтар – 58,6 млн. АҚШ доллары (30,3% үлеспен), тас көмір – 58,1 млн. АҚШ доллары (30%), басқа да өсімдік майларын өндіруден алынған қалдықтар – 18,8 млн. АҚШ доллары (9,7%), бидай – 14,7 млн. АҚШ доллары (7,6%) және басқа да тауарлар – 33,6 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанға Латвиядан әкелінген негізгі импортты тауарлар: телефон аппараттары – 5,4 млн. АҚШ долларын (17,6% үлеспен), бөлшек саудаға арнап оралған дәрілік заттар – 5,3 млн. АҚШ долларын (17,4%), жылжымалы құрамның бөлшектері – 4,6 млн. АҚШ долларын (15,1%), мойынтіректер – 1,8 млн. АҚШ долларын (6,1%) және өзге де тауарлар – 3,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылы Қазақстан мен Латвия арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 3 млн. 683 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес көрсеткішінен 5,8 есеге өсті. 2022 жылы Қазақстаннан Латвияға 3,7 млн. тонна жүк тасымалданды (8,5 есеге өсті). Латвиядан Қазақстанға – 196,2 мың тонна (3 есеге өсті).

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметтері бойынша, 2023 жылдың 7 айында Қазақстан мен Латвия темір жолдарының қатысуымен жүк тасымалдау қарқыны 1 млн.  713 мың тоннаны құрады.

Халықаралық автомобиль тасымалдары саласында белсенді ынтымақтастық жүргізілуде. Тараптар жыл сайын 10 мың рұқсат беру құжаттарымен алмасады.

Қазақстанда 120-ға жуық латвиялық кәсіпорын, оның ішінде бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Латвияда 100-ге жуық қазақстандық компания қызмет етуде. Кәсіпорындар логистика, сауда және қаржылық кеңес беру сияқты салаларда жұмыс істейді.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2022 жылы Латвиядан Қазақстанға инвестиция 52,5 млн. АҚШ долларын (+ 54%), Латвияға – 2,6 млн. АҚШ долларын (-43%) құрады. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Латвиядан Қазақстанға 36,4 млн. АҚШ  долларына, Латвияға – 0,6 млн. АҚШ долларына инвестиция құйылды.

Экономикалық өзара әрекеттесудің маңызды тетігі экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) болып табылады (3-ші отырысы 2021 жылғы 3 қарашада онлайн форматта өтті); Халықаралық көлік тасымалдары бойынша аралас комиссия (2019 жылғы 4-5 сәуірде Астана қаласында өтті) және Көлік жөніндегі жұмыс тобы (2023 жылғы 12 маусымда, Рига қаласында өтті).

2022 жылғы қыркүйекте латвиялық бизнес делегациясы Алматыда өткен «Көлік және логистика 2022» атты Халықаралық көрмесіне қатысты. Делегацияны Латвия Көлік министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары У.Рейманис басқарды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен кездесулер өтіп, Көлік жөніндегі екіжақты жұмыс тобының төртінші отырысы өтті (Алматы қ., 20 қыркүйек).

2022 жылғы 29 қыркүйекте Рига қаласында «Экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық салалары мен жаңа нысандары» атты Қазақстан-Латвия бизнес-семинары өтті, оған  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, ұлттық компаниялардың, халықаралық теңіз порттарының, салалық бірлестіктер мен қауымдастықтардың, іскер топтардың 50-ден астам өкілдері қатысты. Шара «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның және Астана халықаралық қаржы орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

2023 жылғы 1-2 ақпанда «KAZLOGISTICS» Қазақстан Көлік қызметкерлері одағының Бас директоры Е.Әбсатов бастаған қазақстандық делегация Латвияға қызметтік сапармен келді. Сапар барысында транзиттік-көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және кеңейту перспективалары, сондай-ақ латвиялық тасымалдаушылардың «Еуропа-Кавказ-Азия» (ТРАСЕКА) халықаралық көлік дәлізін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.

2023 жылғы 18-19 мамырда Латвияның Көлік министрі Я.Витенбергс бастаған Латвияның темір жолдары мен порттарының басшыларынан тұратын делегациясы Алматы қаласында өткен «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумына қатысты. ҚР Ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлерімен кездесулер өтті.

2023 жылғы 8-9 маусымда Көлік министрлігінің Парламенттік хатшысы, қазақстандық-латвиялық ҮАК-тің тең төрағасы К.Герхардс бастаған Латвия делегациясы Астана халықаралық форумына қатысты. Форум аясында Қазақстанның бірқатар министрліктері мен ведомстволарының басшылығымен, бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өтті. Латвия делегациясы жұмыс сапары аясында Қарағанды және Павлодар облыстарында болды.

2023 жылғы 12-13 маусымда Латвияда Орталық Азия елдерінің көлік саласы мен іскер топ өкілдерінің қатысуымен аймақтық бизнес-форумы өтті. Аталған іс-шара 2023 жылғы ақпанда «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының, «ТРАСЕКА» ҮАК және Орталық Азиядағы USAID сауда бағдарламасы өкілінің сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іс-жүзінде іске асырылуы болды. Қазақстандық делегацияны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Ыдырысов басқарды, ол сондай-ақ көлік жөніндегі Қазақстан-Латвия жұмыс тобының бесінші отырысына қатысты. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша тиісті Хаттама қабылданды. Кездесудің маңызды қорытындысы екі тараптың халықаралық автомобиль тасымалдарына 18 мың қосымша рұқсат беру туралы келісімі болды.

2023 жылғы 11-14 қыркүйекте Латвия бизнес-делегациясының Астанаға сапары өтті. Делегация құрамында Латвияның ірі салалық бірлестіктері мен қауымдастықтарының, теңіз порттарының, жетекші көлік, логистикалық және IT-компанияларының, фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары болды. Сапардың басты оқиғасы Астана халықаралық қаржы орталығында өткен «Қазақстан-Латвия: ынтымақтастықтың жаңа перспективалары» атты дөңгелек үстел болды. B2B форматында бірқатар екіжақты кездесулер өтті. Сапар барысында қол жеткізілген нақты мәмілелердің ішінде жақын арада АХҚО мен Латвия Стивидор қауымдастығы, сондай-ақ «Latvijas auto» Латвиялық  автомобиль қауымдастығы арасында қол қойылған латыш компанияларын АХҚО-да тіркеу және жаңа жеткізу тізбегін құру, логистика саласында жаңа технологияларды енгізу тәжірибесімен алмасу бойынша өзара түсіністік туралы ынтымақтастық туралы меморандумдарды  атап өтуге болады .

2023 жылғы 4-6 қазанда Астанада Латвия Көлік министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары У.Рейманис (Қазақстан-Латвия көлік жөніндегі жұмыс тобының латвиялық тараптан тең төраға) бастаған транзиттік көлік саласының 50-ден астам өкілдерінен тұратын Латвия делегациясы «TransLogistica Kazakhstan 2023» 26-шы халықаралық көрмесіне қатысты.

Іс-шара «алаңында» У.Рейманис пен ҚР Көлік министрі М.Қарабаевтың екіжақты кездесуі өтіп, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ логистика, санкциялық реттеу және қадағалау туралы ақпарат алмасу саласындағы бірлескен міндеттерді неғұрлым тиімді шешу жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады. Әуе қатынасы туралы келісімге қол қою және қазақстандық көлік делегациясының ағымдағы жылы Латвияға сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Медиагалерея
0
Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы