Рабат, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Уақып және ислам істері жөніндегі министрі Ахмет әл Тауфиқпен кездесті.
Кездесу барысында Елші Министрді қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 2025 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне шақыру хатын қолма-қол табыс етті.
А. Тауфиқ аталған іс-шараға 2015, 2018 және 2022 жылдары Марокко делегациясының басшысы ретінде қатысқанын алға тартып, Қазақстанның бұл бейбітсүйгіш бастамасын жоғары бағалады.
Ол сондай-ақ қазіргі уақытта әлемде орын алған қақтығыстарды шешуге, дін өкілдері арасында диалог орнатуға, дінаралық және этносаралық татулықты дамытуға, адамзаттың көзқарастары мен нанымдарына құрметпен қарауға бағытталған бұл Съездің кезекті отырысын ұйымдастыру ерекше маңызға ие екенін атап айтты.