2024 жылғы 24 желтоқсан, Рабат – Марокконың Аудиовизуалды және кино кәсіптері жөніндегі жоғары институтта Елші Сәулекүл Сайлауқызының жыл нәтижесі бойынша пресс-конференциясы өтті.
Іс-шараға Мароккодағы дипломатиялық корпус мүшелері, Парламенті Кеңесшілер палатасының бұрынғы төрағасы Шейх Биядилла, Рабат қаласының Юсуфия және Агдаль аудандарының мэрлері, азаматтық қоғам белсенділері, сарапшылар, БАҚ өкілдері және студенттер қатысты.
Елші «Kazakhstan Born Bold» жарнамалық науқаны аясында елдің ішкі сыртқы саясаты, экономикалық-әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық бағыттағы бастамалары мен реформаларды жүзгізудегі батыл қадамдарына тоқталып өтті.
Қатысушыларға Қазақстанның 2024 жылы 6 халықаралық ұйымға төрағалық нәтижелері, инвестициялық және туристік әлеуетінің артуы, «Орта держава» және «Middle Corridor» дәлізі, сондай-ақ атом электр станциясы жөнінде референдум туралы ақпарат ұсынылды.
Ағымдағы жылы Қазақстан және Марокко арасында ұлттық/жалпыазаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату, сондай-ақ құқықтық саладағы қол қойылған 3 келісім екі ел арасында туристік, экономикалық және құқық салаларындағы байланыстарға тың серпін беретінін атап айтты.
Батыс Африка елдеріне ерекше тоқтап, Елші Сьерра-Леоне және Тогоға «Smart Bridge», «Unified Platform of Internet Resources of Government Bodies» және «Smart Data Ukimet» сияқты ақпараттық-талдамалық жүйелердің үш қазақстандық платформасы берілгенін, сондай-ақ Гвинея-Бисау Президенті Умаро Сиссоко Эмбалоның Қазақстанға ресми сапары осы елдер арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтергеніне назар аударды.
Пресс-конференция жалғасында Марокконың бірнеше жүлделерге ие документалисті Бушаиб Брхадданың Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы деректі фильмінің тұсау кесері сәтті өтіп, көрермендердің Қазақстанға саяхаттап келуіне қызығушылығына серпін берді.