9-12 қыркүйек аралығында Алматыда Орталық депозитарийлер Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының (ACG) 26-шы жалпы жылдық жиналысы өтеді.
Іс-шараны қазақстандық бағалы қағаздар орталық депозитарийі (KCSD) ұйымдастырды. Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінің-АҚШ, Еуропа, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Иран, Пәкістан, Моңғолия, Индонезия, Вьетнам, Непал, Шри - Ланка және басқа да мемлекеттердің 150-ге жуық басшылары мен 40-тан астам депозитарлық, биржалық және клирингтік ұйымдарының өкілдері қатысады.