
Лараш, 2024 жылғы 9 тамыз - Қазақстанның Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Лараш қаласының әкімшілігі мен «Әл-Юсер Тұрақты даму» Ассоциациясы бірлесіп ұйымдастырған «Әлемдегі марокколықтар» атты шетелде тұратын Марокко қауымдастығының 5-ші Ұлттық фестивалінің ашылу салтанатына қатысты. Іс-шараға Лараш провинциясының басшылығымен қоса марокколық ірі кәсіпкерлер, шетелден келген марокколықтар, Әзербайжан, Қытай, Сенегал елшілері де қатысты. Фестивальдің тақырыбы: цифрландыруға көшу, туризмді дамыту, халықаралық ынтымақтастық және инвестицияны ынталандыру болды. Қазақ Елшісі Фестивальге қатысушылармен Қазақстанның отандастармен (шетелде тұратын қазақтармен) жұмыс істеу, цифрландыруды дамыту және туризм саласын белсендіру тәжірибесімен, Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы ақпаратпен бөлісті. “Жаһандық энергетика” сыйлығының Халықаралық комитетінің мүшесі, Сингапурда тұратын атақты марокколық ғалым, профессор Рашид Язами өз сөзінде Назарбаев Университетімен бірлескен жұмыстары және Қазақстанның ғылымдағы әлеуетін атап айтты.