Касабланка қаласы, 3 шілде - Елші Сәулекүл Сайлауқызы 2024 жылғы 3 шілдеде Касабланка қаласындағы Хассан II атындағы университетінің Айн-Чок атындағы Құқықтану, экономика және әулеметтік ғылымдар факультетінің студенттері және оқытушы-профессорлық құраммен кездесу өткізді.
Өзінің елдік презентациясында Елші Қазақстан туралы жалпы мағлұмат, елдегі саяси және экомикалық саладағы реформалар, көлік, транзиттік және туристік салалардағы әлеуеті, Халықаралық көшпенділер ойыны, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың болашағы туралы ақпаратпен бөлісті.
Факультет деканы Абделлатиф Комат, Қоғамдық құқық кафедрасының меңгерушісі Абделлатиф Ел-Фатин және Халықаралық құқық және дипломатиялық қызмет жөніндегі магистратура кафедрасының жетекшісі Аззедин Камриш сөздерінде Қазақстан туралы, онымен байланыстардың маңыздылығын екерше атап айтты. Студенттер Қазақстан жоғары білім орындарында оқу, іздену жұмыстарының қос-жетекшілігі және академиялық ұтқырлық сұрақтары бойынша ерекше қызығушылық танытты.