Ибн Туфайль университетінде өткен халықаралық коллоквиум туралы

Ибн Туфайль университетінде өткен халықаралық коллоквиум туралы

Елші Сәулекүл Сайлауқызы Кенитра қаласындағы Ибн Туфайль университетінде өткен «Азаматтыққа арналған білім: жастарды оқыту мен дамытудың тетігі» атты халықаралық пәнаралық коллоквиумға қатысты. Өзінің баяндамасында Елші Қазақстандағы  саяси, әлеуметтік- экономикалық салалардағы реформалар, еліміздің халықаралық сахнадағы рөлі, Мароккомен екіжақты ынтымақтастығы, оның ішінде туризм, көлік-транзит, сауда-экономика, инвестиция және білім-ғылым салаларын дамыту мәселелеріне тоқтады. Сондай-ақ, Елші Университет ректоры Мохамед Ларби Керкеб және Экономика және басқару институтының директоры Саид Марсукимен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері бойынша пікір алмасты.

Ибн Туфайль университеті 8 гектар жерде орналасқан 11 көпсалалы факультеттен тұратын үлкен студенттер қалашығы. Университетте 120 мың студент марокколық және шетелдік жастар білім алуда. 2024 жылы Times Higher Education Impact Ranking көрсеткішінде бірінші орынға ие болды.