Рабатта жылдың қорытындысы жасалынды

Рабатта жылдың қорытындысы жасалынды
Марокко Корольдігінің Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республиканың Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі пресс-конференция өтті.
 
Іс-шараға мәдени, ғылыми, сарапшылық топтар, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ жергілікті дипломатиялық корпус қатысты.
 
Елші өзінің сөзінде 2023 жылды қорытындылады. Елдегі саяси-экономикалық реформалар, инвестициоциялық мүмкіндіктерге баса назар аударылды. Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстан мен Марокко арасындағы ынтымақтастың түрлі салалардағы дамуы мен әлеуеті туралы ақпарат ұсынылды.
 
Сөз соңында Елші Ұлттық кітапхананың қорына "Қазақстанның салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптар" және "Абай. Қазақстан және болашақ өркениет" атты кітаптарды табыстады.
 
Пресс-конференция барысында Марокконың белді журналисті және бірнеше жүлделерге ие документалисті Бушаиб Брхадданың Қазақстан туралы фильмның тұсау кесері өтті. Фильм Астанада түсіріліп, елдегі өзгерістерді және мәдениетін жаңа қырдан көрсетті.
 
Сонымен қатар, қонақтарға арналып Ұлттық кітапханада еліміздің туристік әлеуетін бейнелейтін фото-көрме ұйымдастырылды.