Шет мемлекеттердің СІМ басшылары Қазақстанға көңіл білдіруде

Шет мемлекеттердің СІМ басшылары Қазақстанға көңіл білдіруде

Қарағанды облысындағы шахтада апат салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атына басқа елдердің сыртқы істер министрлерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады және тезірек сауығып кетуін тілейді.

Қаза тапқан кеншілердің туыстарына деген жанашырлық пен қолдау сөздерін Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түркия Республиксының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан және басқалар жеткізді.

Көңіл айту жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.