Қазақстан Елшісі Марокконың Жоғары білім беру, ғылыми зерттеу және инновациялар министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Марокконың Жоғары білім беру, ғылыми зерттеу және инновациялар министрімен кездесті
13 желтоқсан 2022 жыл, Рабат қаласы – Қазақстан Елшісі С.Сайлауқызы Марокконың Жоғары білім беру, ғылыми зерттеу және инновациялар министрі Абделлатиф Мирауимен кездесу өткізді.
Елші 2022 жылғы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокко құрамасының ширек финалындағы тарихи жеңісімен Министрді құттықтай отырып, ағымдағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен әлеуетін, қос диплом бағдарламаларын дамыту, атап айтқанда, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, академиялық ұтқырлық, сондай-ақ шетелдік жоғарғы оқу орындарының филиалдарын ашу туралы қысқаша мәлімет берді.
Өз тарапынан Министр А.Мирауи екіжақты құжатқа қол қоюдың және білім, ғылым және инновация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға серпін беретін білім министрлерінің өзара сапарларын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.