2022 жылғы 1-20 сәуірдегі жұмысына шолу

2022 жылғы 1-20 сәуірдегі жұмысына шолу

Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы ү.ж. сәуірде Дипломатиялық қор тарапынан шетелдік Елшілерге ұйымдастырған бірнеше іс-шараларға, атап айтқанда Марокконың Татулық, әлеуметтік интеграция және отбасы министрі Ауатиф Хияр ханым және Әділет министрі Абделлатиф Уахби мырзаның қатысуымен өткен кездесулерге қатысып, Ұлы Мәртебелі Король Мұхаммед V дүниеден озғанына 63 жыл толуына орай Мұхаммед V мавзолейінде оның рухына тағзым етті.

Айлардың сұлтаны - қасиетті Рамазан айының құрметіне Мароккодағы Тайланд Елшісі Нонтават Чандртри, Пәкістан Елшісі Хамид Асгхар Хан, сондай-ақ Дипломатиялық қор президенті Абделат Хабек, Бұрынғы ҚСРО-ЖОО білім алған марокколықтар бірлестігінің президенті Мухаммед Фахири, Агдаль-Рабат ауданы Кеңесінің президенті Абдалла Бузиди ұйымдастырған ауызашарларға қатысты.

Түркия Елшісі Айдын Доганның резиденциясында Мүгедектерге арналған Мұхаммед V атындағы академияның кемтар балаларына арналған ауызашар рәсімінде болды.