Рабат, 2022 жылғы 16 ақпан
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының Бас директоры доктор Сәлим Әл Маликке Ұйымға тұрақты өкіл ретінде тіркейтін құжатты табыс етті.
ИСЕСКО-ның штаб пәтерінде өткен кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын білдірді.
Сөз кезегінде С.Әл Малик Қазақстанда орын алған оқиғалар әлем елдерінің назарында болғанын хабарлап, ҚР Президенті Қ.Тоқаев тарапынан қабылданған шешімдерді мен бастамаларды қолдайтынын қуаттады.
Сұхбат соңында С.Әл Малик Елшінің қызметіне толағай табыстар тілеп, кеңауқымды ортақ жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.