
2026 жылғы 23 тамызда (Рабат уақытымен сағ. 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №470 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Сайлау өтетін күні өздеріңізбен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы керек.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі қосымша ақпаратты Сіздер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz ресми сайтынан таба аласыздар.
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және сайлауға қатысу құқықтарыңызды іске асыруға шақырамыз!
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігінің мекен-жайы: Рабат қаласы, Суисси ауданы, Бени Мтир көшесі 3.