«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет салу байқауына қатысуға шақырамыз!

«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет салу байқауына қатысуға шақырамыз!

«OTANDASTAR QORY» қоры Қазақстан Республикасының шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған «Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет салу байқауына қатысуға шақырады.

Байқауға 12–17 жас аралығындағы этникалық қазақ балалары қатыса алады.

Байқау тақырыптары:
Қазақстанның табиғаты;
Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер;
Тарихи-мәдени мұра;
Болашақтағы Қазақстан;
Қазақстандық тұлғалар.

Жұмыстар 2026 жылғы 28 тамызға дейін қабылданады.

Жіберу мекенжайы: oqbaiqau@gmail.com

🏆Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады:
І орын – ноутбук;
ІІ орын – планшет;
ІІІ орын – смарт сағат.

Қатысушылар суретті кез келген дәстүрлі көркем материалдармен сала алады (қарындаш, бояу, фломастер, пастель, маркер және т.б.). Жасанды интеллект көмегімен жасалған жұмыстар қабылданбайды.

Байқау ережелерімен oq.gov.kz сайтында танысуға болады.