
2026 жылғы 24-25 маусым аралығында Қазақстан Республикасының
Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы
6-шы Фес-Мекнес экономикалық форумына қатысып, өңір Уәлиі және Фес
префектурасының Губернаторы Халид Айт Талибпен және Ифрандағы Әл-
Ахауин университетінің президенті Амин Бенсаидпен кездесті.
Уәли Х. Айт Талибпен кездесуде тараптар Қазақстан мен Марокко
арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық
салаларындағы ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Фес-
Мекнес өңірін атап, тараптар қазақстандық бизнеспен өңіраралық бизнес-
форумдар ұйымдастыруға мүделлілік танытты. Сондай-ақ, жоғары оқу
орындары арасындағы байланыстарды кеңейту, студенттер алмасу
бағдарламалары және академиялық ынтымақтастықты белсендіру
маңыздылығын атады. Өңір басшылығы туризм, мейрамхана бизнесі,
өнеркәсіп, білім және денсаулық сақтау секілді салада қазақстандық
серіктестерге қажетті қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.
Доктор А.Бенсаидпен кездесуде тараптар білім мен ғылым салаларында
екі елдің мүмкіндіктері жоғары екенін растап, студенттермен шығыстану,
халықаралық қатынастар, жасанды интеллект, экология, жаңартылатын энергия
салалар бойынша интеграцияланған бағдарламаларды әзірлеу мәселелерін
талқылады. Кездесуден кейін Елші Әл-Ахауин университетінің студенттеріне
Қазақстан тарихындағы Алтын Орданың маңызы, констиуциялық реформалар,
экономикалық мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан мен Марокко екіжақты
ынтымақтастық жағдайы мен болашағы туралы дәріс оқып берді.