
Құрметті отандастар!
2026 жылғы 15 наурызда Рабат уақыты бойынша сағ. 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №470 референдум учаскесінде жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Республикалық референдум – мемлекетіміздің болашағын айқындайтын маңызды саяси оқиға.
Сіздерді азаматтық белсенділікті танытып, 2026 жылғы 15 наурызда референдумға қатысуға шақырамыз!
Дауыс беретін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды жеке басын куәландыратын құжаттарыңыз болуы қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда + 212 376 63 63 67 телефоны немесе kazconsulmar@gmail.com электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігінің мекен-жайы: Рабат қаласы, Суисси ауданы, Бени Мтир көшесі 3.