Қазақстан мен Марокко арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үлкен потенциалы бар

Қазақстан мен Марокко арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үлкен потенциалы бар

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Саулекүл Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар министрлігінің Экономикалық дипломатия департаментінің директоры Мохаммед Бельхажбен кездесті.

С. Сайлауқызы М. Бельхажды департамент директоры болып тағайындалуымен құттықтап, алдағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі және Қазақстанда өтіп жақтан ауқымды конституциялық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Мароккалық дипломат Қазақстанның жетістіктері туралы көп естім жүргенін айтып, елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.

Тараптар «сағат теңестіру» ретінде Қазақстан Сыртқы істер министрі мен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасының 2025 жылы Рабатқа жасаған ресми сапарлары барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын, сондай-ақ цифрландыру, туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларында  бірлескен  жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.