
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокконың Инвестициялар және экспортты дамыту жөніндегі агенттігінің бас директоры Али Седдикимен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың өсу серпінін атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту перспективаларын талқылады.