2025 жылғы 9 желтоқсан, Рабат – Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Марокко Корольдігінің Ұлттық кітапханасында Елші Сәулекүл Сайлауқызының дәстүрге айналған жылдың қорытындысына арналған іс-шара өткізді.
Достық кездесуге Марокко Парламентінің, Сыртқы істер министрлігінің, Рабат қаласы мэриясының, азаматтық қоғам, іскерлік топ өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері және қазақстандық студенттер қатысты. Ісшара аясында жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг жасалды.
Елші Қазақстанның ішкі саяси реформалары мен жетістіктері, сыртқы саяси алаңдағы бастамалары мен экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы батыл қадамдары туралы ақпарат беріп, жылды қорытындылады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу мен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Е.Қошановтың биылғы Мароккоға тарихи ресми сапарларының нәтижелеріне көңіл аударылды.
Марокколық танымал кәсіпкер, саяхатшы Абделғани Абуфираз Мароккодан Қазақстанға мотоциклмен жасаған сапарынан алған әсерлерімен бөлісіп, оның Қазақстан туралы түсірген фильмі көрсетілді.
Іс-шара Рабат қаласындағы «Le Printemps Montessori» мектебі оқушыларының қазақ және Марокко ұлттық киімдерін киіп, Қазақстан мен Марокко арасындағы берік достықты дәріптейтін ән, қойылым және би өнер көрсетуімен аяқталды.
2025 жылғы 9 ай ішінде Қазақстан мен Марокко арасындағы тауар айналымы 67% ұлғайып, 324 млн. долл. асты. Екіжақты сауда-экономикалық байланысты белсендіру мақсатында Қазақстан – Марокко Іскерлік кеңесі құрылды. Ү.ж. 19 наурыздан бастап Қазақстан мен Марокко визалық талаптардан босату туралы келісімге күшіне еніп, екі ел азаматтарының сапараларын жеңілдетті, экономикалық және туристік салалардың дамуына серпін берілді.