Марокко Корольдігі Өкілдер палатасы жанындағы Марокко-Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы А. Тахер бастаған делегация Қазақстан Республикасында жұмыс сапарымен болды

Марокко Корольдігі Өкілдер палатасы жанындағы Марокко-Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы А. Тахер бастаған делегация Қазақстан Республикасында жұмыс сапарымен болды

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы парламенттік ынтымақтастық қарым-қатынастарын нығайту аясында Өкілдер палатасы жанындағы Марокко-Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы А. Тахер бастаған делегация 2025 жылғы 21-25 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында делегация мүшелері 2025 жылғы 22 қыркүйекте Мәжілістегі Қазақстан-Марокко достық тобының төрағасы А. Құспанмен кездесті. Тараптар көпжақты диалог пен ынтымақтастықты нығайтудың, халықаралық форумдарда ортақ мүдделі мәселелерді қорғаудағы екі заң шығарушы институттың рөлін күшейтудің және екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпін берудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, марокколық делегация ҚР Парламентінің Сенатындағы Қазақстан-Марокко парламенттік достық тобының әріптестерімен кездесу өткізді. Тараптар ауыл шаруашылығы, экономика, мәдениет және білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.