
2025 жылғы 24 шілдеде Марокко Корольдігінің Сале қаласындағы Tabriquet мәдениет және өнер орталығында Bouregreg ассоциациясының ұйымдастыруымен «Балалар бейбітшілік үшін» 17-ші халықаралық фестивалінің ашылу рәсімінде Қазақстаннан келген «Еркетай» балалар ансамблі өнер көрсетті. Фестивальға қатысу үшін 22 елдің балалары Корольдікке келді.
Фестиваль Марокко Ханшайымы Лалла Мериемнің патронажымен жылда өткізіліп, әлемнің түпкір-түкірінен келген балалар арасында мәдени байланыстарды нығайтуға және бейбітшілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды алаңға айналды.
Қазақстаннан аталған Фестивальға 2023 жылдан бастап қатысып, жас әрістеріміз осымен үшінші рет өнерлерін көрсетуде.