
Рабат, 2025 жылғы 24 маусым – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Сәлім Әл-Мәлікпен кездесті.
Тараптар академиялық ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін, жаңа технологиялар мен жасанды интеллект заманындағы жоғары білімді дамыту мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде, Ж.Түймебаев 2025 жылғы қыркүйекте ИСЕСКО-ның CanSat жерсеріктерін модельдеу жөніндегі оқыту тренингін «Kazakhstan Space Days» халықаралық форумы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ-да өтетінін растап, ИСЕСКО басшысын іс-шараға қатысуға шақырды.
ИСЕСКО Бас директоры жоғары білім саласына инновациялар енгізу, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру және тәжірибе алмасу мақсатында байланыстарды белсендіруге қызығушылығын білдірді.
Кездесу ИСЕСКО штаб-пәтерінде өтіп жатқан Ислам әлемінің университеттері басшыларының 6-шы форумы аясында өтті.