
Астанада Қазақстан-Марокко іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды
2025 жылдың 29 мамырында Астанада Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Марокко кәсіпорындарының жалпы конфедерациясы (CGEM) арасында кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан-Марокко іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Мұрат Кәрімсақов және CGEM директорлар кеңесінің мүшесі және Alomra International Group компаниясының бас директоры Идрис Беномар қол қойды.