ФРИКАДАҒЫ УРАН РЕСУРСТАРЫ: БАРЛАУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

ФРИКАДАҒЫ УРАН РЕСУРСТАРЫ: БАРЛАУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

11 қыркүйек 2020

 

ЦВАНЕ-ВЕНА-НҰР-СҰЛТАН

 

2020 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі, Халықаралық Ғылыми-Технологиялық Орталығы (ХҒТО) және Африканың ядролық энергия жөніндегі комиссиясы (АФКОНЕ) бірлесіп өткізген, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) қолдауымен ұйымдастырылған вебинарға қатысты. Онлайн-кездесуді АФКОНЕ Атқарушы хатшысы доктор Мессауд Баалиауамер және ХҒТО  Бағдарламалық аға менеджері, дипломатиялық кеңесші доктор Камен Величков тең модераторлар ретінде жүргізді.

 

Бұл іс-шара: «АФРИКАДАҒЫ УРАН РЕСУРСТАРЫ: БАРЛАУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ» (URANIUM RESOURCES IN AFRICA: EXPLORATION, EXPLOITATION AND COOPERATION OPPORTUNITIES) тақырыбында өтті.

 

Іс-шараға Африка Одағының (Сауда-өнеркәсіп департаменті және АФКОНЕ), АЭХА (Африкамен техникалық ынтымақтастық департаменті), ХҒТО халықаралық ұйымдарының өкілдері және атом энергетикасы саласындағы бірқатар жетекші әлемдік және аймақтық сарапшылар, соның ішінде Намибия Уран институтының басшылығы атынан доктор Габриэль Шнайдер ханым; «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ Бас директоры доктор Тимур Жантикин; сондай-ақ АЭХА-ның Африка бойынша техникалық ынтымақтастық департаментінің директоры, проф. доктор Шауқат Әбділразақ және т.б. қатысты.

 

Вебинарға қатысу шеңберінде Қазақстанның ОАР-дағы Елшісі Қанат Тумыш сөз сөйлеп, қатысушыларға Қазақстанның атом энергетикасы саласында жүргізіліп отырған саясаты туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолданыстағы ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және құқықтық негізге көшіру туралы бастамасын Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ (CANWFZ) және Африкалық ядролық қарудан азат аймақ (AFNWFZ) арасындағы серіктестіктің институттануы арқылы іске асырудың тарихи маңыздылығын атап өтті.

 

Осы тұрғыда қазақстандық дипломат, Қазақстанның, Орталық Азия тараптары атынан, жақын арада аталмыш екі аймақ арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша африкалық серіктестермен жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабарлады.

 

Вебинарда бұндай маңызды істің – 2019 жылғы 28 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Ядролық қарудан азат аймақтардың халықаралық семинар шеңберінде қабылданған шешімдердің практикалық жалғасы екені атап өтілді.

 

Сонымен қатар қазақстандық дипломат, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) мен АФКОНЕ арасында таяуда қабылданған және Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнін атап өтуімен ұштастырылған Бірлескен коммюникені жоғары бағалады.

 

Кездесу қорытындылары бойынша қатысушылар, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға, сондай-ақ жаппай қырып-жоятын қаруды жаһандық таратпауды қамтамасыз етуге, тиісті ынтымақтастықты дамыту қажет деген алдын-алғы уағдаластыққа қол жеткізді. Сол себебі, мұндай өзара іс-қимылдың перспективаларын неғұрлым егжей-тегжей талқылау үшін, осы форматтағы кездесулерді одан әрі жалғастырудың қажеттілігі туралы бірқатар пікірлер мен ұсыныстар қабылданды.