ӘБУ НАСЫР МҰХАММАД ИБН МУХАММАД ИБН ТАРХАН ИБН ҰЗЛАҒ ӘЛ-ФАРАБИ АТ-ТУРКИДІҢ (870-950 ж.ж.) 1150-жылдық мерейтойын атап өтуде.

ӘБУ НАСЫР МҰХАММАД ИБН МУХАММАД ИБН ТАРХАН ИБН ҰЗЛАҒ ӘЛ-ФАРАБИ АТ-ТУРКИДІҢ (870-950 ж.ж.) 1150-жылдық мерейтойын атап өтуде.

Биыл Қазақстан және бүкіл халықаралық қоғамдастық, Отырарда (қазіргі Қазақстан Республикасының аумағы) дүниеге келген және ортағасырлық заманда өмір сүрген Шығыстың ұлы философы әрі ғалымы, зиялы қауым тарапынан Әлемнің Екінші ұстазы деп танылған ӘБУ НАСЫР МҰХАММАД ИБН МУХАММАД ИБН ТАРХАН ИБН ҰЗЛАҒ ӘЛ-ФАРАБИ АТ-ТУРКИДІҢ (870-950 ж.ж.) 1150-жылдық мерейтойын атап өтуде.

 

Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (UNESCO) 40-шы Бас конференциясы, Әл-Фарабидің мерейтойын дүниежүзілік деңгейде мерекелеу туралы бастаманы, өзінің 2019 жылғы 25 қарашадағы 68-қарарымен мақұлдады. Кейіннен UNESCO Атқарушы кеңесі оcы мерейтойды өзінің                               2020 жылға арналған Іс-шаралар күнтізбесіне қосып, барлық мемлекеттерді оны қолдауға және осы мақсатта өз үлестерін қосуға шақырды.

 

Осы орайда Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы Елшілігі, өзінің веб-сайтында және Facebook парақшасында, әл-Фарабидің ең үздік туындыларының бірі болып табылатын:

 

«МІНСІЗ МЕМЛЕКЕТКЕ ҰМТЫЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ ҒАҚЛИЯ:

 

Әлемдік тәртіп, адамзат, қоғам және мемлекет туралы 40 нақыл сөз»

 

атты кітабын жариялауды жалғастыруды өте қуанышты.

 

Кітаптың ppt форматындағы

 

«БІРІНШІ – ОНЫҢ ДАҢҚЫ АРТА БЕРСІН – БІРЕУ ҒАНА ӘРІ БӨЛІНБЕС БІР ТҰЛҒА (ОНЫҢ БІРТҰТАСТЫҒЫ ОНЫҢ БОЛМЫСЫМЕН БІРДЕЙ) ЖӘНЕ ОНЫ «ЖАЛҒЫЗ» (ӘЛ-ʼАХАД), «БАР БОЛУШЫ/ТІРІ» (ӘЛ-ХАЙЙ), «ӘДІЛ» (ӘЛ-ҒАДІЛ), «АСА ЖОМАРТ» (ӘЛ-КӘРИМ) МЕН ӨЗГЕ ДЕ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІМЕН АТАУ ҚАЖЕТ»