Оңтүстік Африкада Наурыз мерекесі аясында қазақ композиторларының күйлері ұсынылды

Оңтүстік Африкада Наурыз мерекесі аясында қазақ композиторларының күйлері ұсынылды

Претория, 2024 жылғы 13 наурыз – Наурызды мерекелеу аясында Наурызнама қарсаңында ҚР-дың ОАР-дағы Елшісі Еркін Ахинжанов жергілікті Ubuntu Radioрадиостанциясына сұхбат берді.

Сұхбат оңтүстік африкалық радио тыңдаушыларға Қазақстанның мәдени мұрасына сүңгуге, белгілі күйлердің дыбысымен танысуға және осы қасиетті мерекенің дәстүрлері туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік берді.

Ubuntu Radio – Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрлігінің радиостанциясы. Ubuntu – ежелгі африкалық сөз, «басқаларға қатысты адамгершілік» дегенді білдіреді. Бұл «менмін, өйткені сен барсың» дегенді еске салады. Ұлы даланың дарынды композиторлары – Құрманғазы, Түркеш Қалқаұлы, Дайрабайдың күйлері Наурызнаманың алдында дәл осы радиостанцияда шырқалды.

Сұхбат барысында Елші Наурыздың тарихымен бөлісіп, оның қазақстандықтардың өміріндегі мәні мен маңызын ашты. Е. Ахинжанов мерекені Қазақстан халқы үшін ерекше ететін Наурызнаманың онкүндігін қоса алғанда, мерекелеу дәстүрлерін атап өтті.

Мерекелік сұхбат Оңтүстік Африка тыңдаушыларын Қазақстанның бай музыкалық мұрасымен таныстырып қана қоймай, екі ел арасындағы мәдени диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.