Йоханнесбургте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған бизнес-семинар өтті

Йоханнесбургте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған бизнес-семинар өтті

Йоханнесбург, 2024 жылғы 29 ақпан – Йоханнесбург қаласындағы «Hyatt House»-та Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен бизнес-семинар өтті. Іс-шара ел экономикасының негізгі салаларындағы Қазақстанның инвестициялық әлеуетін талқылауға арналды.

Семинар тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, IT және т.б. сияқты салаларды ұсынатын оңтүстік африкалық кәсіпкерлерді біріктіріп, пікір, тәжірибе және білім алмасу үшін бірегей алаң құрды.

Кездесудің басты мақсаты Оңтүстік Африка бизнесінің назарын Қазақстанның экономикалық, сауда және инвестициялық мүмкіндіктеріне аудару болды.

Семинар аясында Қазақстанның инвестициялық ахуалының түрлі аспектілері қамтылды. Қаржы, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, көлік, логистика, жасыл энергетика және туризм сияқты салаларға ерекше назар аударылды.

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Еркін Ахинжанов өз сөзінде инвестициялық тартымдылық, жай-күй және қолда бар жетістіктер тұрғысынан әрбір бағытқа егжей-тегжейлі шолу жасады. Елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қолдау және жақсарту үшін мемлекет қабылдаған шаралар, шетелдік инвесторлар алдында ашылатын мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Оңтүстік Африка бизнес-қоғамдастығының өкілдері семинарды ұйымдастырғаны және Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға мүдделілігі үшін алғыс білдірді. Қатысушылар мұндай кездесулер қажетті ақпаратты ілгерілетуге және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне келісті.