«Ата жолы» картасы – шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстанда бизнес жүргізу мақсатында көшіп келушілерге немесе талап етілген кәсіптері бар адамдарға берілетін құжат.
«Ата жолы» картасы он жылға дейінгі мерзімге беріледі. Дегенмен, ол өтініш берушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзіміне байланысты шектелетінін ескеру жөн (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032983).
«Ата жолы» картасы келесі санаттардың біріне сәйкес ұсынылады:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және қойылатын талаптарды бекіту туралы» Жарлықта (сілтеменің батырмасы болады) көрсетілген мамандық иелеріне (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U050001587_);
2) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа (сілтеменің батырмасы болады) сәйкес талап етілетін кәсіп иелеріне (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031938);
3) Тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген және жұмыс істеп тұрған бизнесі бар азаматтарға.
«Ата жолы» картасын ұсыну туралы өтінішті «Құтты мекен» мобильдік қосымша немесе шетелдегі Қазақстан Елшіліктері, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы және Отандастар қоры арқылы өтініш бере аласыздар.
Өтінішпен қоса келесі құжаттарды тапсырасыздар:
Қосымша сұрақтар бойынша Отандастар қоры жанындағы Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз!