Қазақстан Елшісі Малави Жоғары Комиссарымен кездесті

Қазақстан Елшісі Малави Жоғары Комиссарымен кездесті
Цване қаласы, 2022 жылғы 27 қыркүйек.
 
Қазақстанның ОАР-дағы Елшісі Қанат Тумыш, Малавидің Оңтүстік Африкадағы Жоғарғы комиссары (Елшісі) Стелла Ндау ханыммен кездесті.
 
Осы жүздесуде тараптар, екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастарды орнату, сондай-ақ Қазақстан бастамасы «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексіне» Малавидің қосылуы мәселесін талқылады.
 
Олар, сонымен бірге, сауда-экономикалық, инвестициялық, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудің келешегін, сондай-ақ студенттермен алмасу бағдарламаларын да қарастырды.