Қазақстанның ОАР-дағы Елшісі Африка Ұлттық Конгресі және Лимпопо провинциясының басшылығымен кездесті

Қазақстанның ОАР-дағы Елшісі Африка Ұлттық Конгресі және Лимпопо провинциясының басшылығымен кездесті
Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш, өзінің Оңтүстік Африканың Лимпопо провинциясына іссапары аясында құрметті қонақ ретінде 2022 жылғы 29-30 қыркүйекте өткен Полокванедегі Тау-кен өнеркәсібі, энергетика және өнеркәсіптің өркендетілуі (индустрияландыру) жөніндегі инвестициялық конференциясына қатысты.
 
Конференция биліктің және іскер топтары арасындағы тиімді сұхбатты қамтамасыз етті. Мүдделі тараптар оны өздерінің тікелей байланысы үшін пікір алмасу алаңшасы ретінде пайдаланып, ірі, орта және кіші бизнеске, әсіресе дамып келе жатқан тау-кен кәсіпорындарына ерекше назар аударды. Кейіннен конференцияға қатысушылары бұл платформада минералдарды өңдеу/өндіру және пайдалы қазбалар секторын дамыту мәселелерін талқыға салды.
 
Форум аясында Қазақстан Елшісі келесі ресми тұлғалармен:
- ОАР-дағы билеуші партиясы "Африка Ұлттық Конгресінің" Төрағасы, Оңтүстік Африканың Энергетика және минералдық ресурстар министрі Самсон Гведе Манташе (Samson Gwede Mantashe) мырзамен;
- ОАР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің бас директоры Джейкоб Мбеле (Jacob Mbele) мырзамен;
- Лимпопо провинциясының Премьер-министрі Чупу Стенли Матабата (Chupu Stanley Mathabatha) мырзамен;
- Лимпопо провинциясының экономикалық даму, қоршаған ортаны қорғау және туризм министрі (өкіметінің мүшесі)
Табо Эндрю Моконе (Thabo Andrew Mokone) мырзамен
кездесулер өткізді.
 
Гведе Манташемен өткен кездесуде Қ.Тумыш сұхбаттасын Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың пакетімен және оны іске асыру барысымен таныстырып, 2022 ж. 20 қарашада президенттікке және 2023 ж. бірінші жартысында ҚР Парламенті Мәжілісіне және мәслихаттарға сайлаудың өтетінін тілге тиек етті. Г.Манташе Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді. Ол, сондай-ақ, 1994 жылы ОАР-да апартеид режимі құлағанға дейін, Қазақстанның "Африка Ұлттық Конгресіне" жасалған қолғабысы үшін алғыс білдірді.
 
Сонымен бірге, осы жүздесуде қазақстандық дипломат, оңтүстікафрикалық әйгілі саясаткерімен энергетика және минералдық ресурстар салаларындағы Қазақстан және ОАР арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ билеуші "Атамекен" және "Африка Ұлттық Конгресі" партиялар арасындағы өзара іс-қимылының келешегі туралы ой бөлісті.
 
Лимпопо провинциясының Премьер-министрі Стенли Матабатамен өткен кездесуде тараптар, қазақстандық-оңтүстікафрикалық екіжақты қарым-қатынастардың кейбір өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен ОАР-дың осы әкімшілік-аумақтық бірлігімен саяси, сауда-экономикалық (соның ішінде энергетика, минералдық ресурстар, қоршаған ортаны қорғау, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және туризм секторларында), инвестициялық және гуманитарлық (соның ішінде білім, ғылым және мәдениет сияқты секторларда) салаларда өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамытудың перспективалары туралы пікір алмасты. Оңтүстікафрикалық тарап, Қазақстан облыстарының бірімен тікелей ынтымақтастық орнатуға мүдделілігін білдірді (соның ішінде 2023 жылы өзара сапарлар алмасуға әзірлігін мәлімдеді).
 
Қазақстан Елшісі, сондай-ақ, әлемге аян компаниялардың бизнес капитандарымен де жүздесіп, инвестициялар тарту мәселесін талқылап, тау-кен саласында ынтымақтастық орнатуға және өзара тәжірибе алмасуға шақырды. Атап айтқанда ол, Anglo American Platinum компаниясының бас директоры Наташа Вильюн (Natascha Viljoen) ханыммен және De Beers компаниясының басқарушы директоры Мозес Мадондо (Moses Madondo) мырзамен кездесіп, пайдалы байланыстар орнатып, болашақта нақты келіссөзге өту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізді.