Қазақстан Республикасында бір реттік 7 жылдық президенттік мерзімді енгізу

Қазақстан Республикасында бір реттік 7 жылдық президенттік мерзімді енгізу

Қайта сайлау құқығынсыз жеті жылдық бір реттік мерзім Президенттің жалпы мерзімін қысқартуға бағытталған.

7 жылдық президенттік мерзімнің қайта сайлану құқығынсыз бір мәртелігі-бұл посткеңестік кеңістіктегі абсолютті жаңалық.

Биліктің монополиялануына жол бермеу үшін 7 жылдық президенттік мерзімнің қайта сайлану құқығынсыз бір мәртелігі енгізіледі.

Қайта сайлау құқығынсыз 7 жылдық президенттік мерзім сайланған кандидатқа өз бағытын жүзеге асыруға толығымен шоғырлануға мүмкіндік береді.

Қайта сайлау құқығынсыз бір реттік 7 жылдық мерзімде мәлімделген реформаларды іске асыру үшін жауапкершілік пен тиімділік артады.

Қайта сайлау құқығынсыз 7 жылдық президенттік мерзім ұзақ мерзімді іс-әрекеттер мен ең өршіл бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті.

Президенттік мандаттың біржақтылығы оның иесін өз қызметінде болашақ сайлау науқанына бағдарлану қажеттігінен босатады және ұлттық дамудың қағидатты міндеттерін шешуге шоғырлануға мүмкіндік береді.

Президентті қайта сайлауға толық тыйым салуды енгізу демократияландыру процесіндегі алға жасалған қадам болып табылады.

Қайта сайлау құқығынсыз бір реттік 7 жылдық президенттік мерзім супер-президенттік басқару формасынан түпкілікті кетуді қамтамасыз етеді.

Сайлау процесінде жоғары лауазымды тұлғаның үнемі өзгеруі биліктің шамадан тыс шоғырлануына және монополиялануына жол бермейді.

Жеті жылдық президенттік мерзімді инвесторлар оң қабылдайды, өйткені "ойын ережелерінің" мызғымастығының кепілдендірілген кезеңі 2 жылға артады.

Қайта сайлаусыз бір реттік 7 жылдық мерзімді енгізу президенттік билікті монополиясыздандыруға бағытталған конституциялық реформаның жалғасы болып табылады. Бұған дейін Мемлекет басшысы саяси партияның жетекшісі бола алмайтын нормалар енгізілді, оның туыстарына мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компанияларда қызмет атқаруға тыйым салынды, президенттік өкілеттіктердің бір бөлігі биліктің басқа институттарының пайдасына қайта бөлінді.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысының 2024 жылы 5 жылға қайта сайланған жағдайда 2029 жылға дейін ел президенті болуға мүмкіндігі бар. Осы жылы жұмыс істеп тұрған Мемлекет басшысы жаңа 7 жылдық мерзімге сайланған жағдайда, оның жалпы президенттік мерзімі ұлғаймайды.

Егер Президент қазір 5 жылға сайланып, содан кейін Конституцияға 7 жылдық президенттік мерзімді енгізу туралы түзетулер енгізсе, онда оны тағы 7 жылдық мерзімге қайта ұсыну мүмкіндігі үшін құқықтық жағдайлар туындайды. Бұған жол бермеу үшін Конституцияға қазір өзгертулер енгізіп, содан кейін қайта сайлау құқығынсыз 7 жылдық мерзімге бару керек.

Халықаралық тәжірибеден: бір мәртелік Президенттік мерзім Израильде (7 жыл), Арменияда (7 жыл), Мексикада (6 жыл), Оңтүстік Кореяда (5 жыл) қолданылады. Францияда екі дүркін 7 жылдық президенттік мерзімді қалпына келтіру мүмкіндігі туралы пікірталастар мезгіл-мезгіл қайта басталады (екі жеті жылдық мерзімнен екі бес жылдық мерзімге ауысу сол кезде қазіргі президент болған Ж.Ширактың бастамасымен 2000 жылдың қыркүйегінде өтті).Қ