ҚАЗАҚСТАН ПЕЛИНДАБА ШАРТЫНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІНІҢ 12-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ АТАП ӨТУ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚАЗАҚСТАН ПЕЛИНДАБА ШАРТЫНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІНІҢ 12-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ АТАП ӨТУ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Цване қаласы, 2021 жылғы 15 шілде. Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы (ОАР) Елшісі Қанат Тумыш, Қазақстан Республикасы атынан Африканың ядролық қарудан азат аймақ (ANWFZ) туралы келісімінің (Пелиндаба шарты) күшіне енуінің 12 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі онлайн іс-шараға қатысты. Ковид-19 пандемиясының салдарынан бұл кездесу виртуалды түрде өтті және оған бүкіл әлемнен 60-қа жуық жоғары лауазымды тұлғалар мен сарапшылар қатысты.

Ядролық энергетика жөніндегі Африка Комиссиясының Хатшылығымен (AFCONE) ұйымдастырған және Оңтүстік Африка Университетінің (UNISA) және Оңтүстік Африка Халықаралық қатынастар институтының (SAIIA) профессоры Джо-Анси Ван Уик модераторлығымен өткен онлайн сессияның жоғары деңгейдегі сегментінде аға лауазымды тұлғалар баяндамаларын жасап, тиісті ой-пікірлерімен және ұстанымдарымен бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар арасында AFCONE Атқарушы хатшысы доктор Мессауд Баалиуамер; Африка Одағы Комиссиясының Саяси істер, бейбітшілік және қауіпсіздік жөніндегі комиссар, Елші Банкол Адеой; ОАР Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрі доктор Наледи Пандор; Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (CTBTO) Атқарушы хатшысы доктор Лассина Зербо; Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқарманың (UNODA) директоры және БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғары өкілінің орынбасары Томас Маркрам; Латын Америка және Кариб теңізі алқабындағы ядролық қаруға тыйым салу агенттігінің (OPANAL) Бас хатшысы Елші Флавио Роберто Бонзанини; Қазақстанның ОАР-дағы Елшісі және Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақтың (CANWFZ) өкілі Қанат Тумыш; Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық науқанның (ICAN) Атқарушы директоры Беатрис Фиһн ханым, сондай-ақ басқа да тұлғалар болды.

Кездесуді AFCONE-нің Атқарушы хатшысы ашып, өзінің сөйлеген сөзінде, басқа тақырыптарымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ілгерілеткен және UNODA мен Қазақстан Үкіметі бірлескен ұйымдастыруымен 2019 жылғы 28-29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген «Ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және консультация механизмдерін кеңейту» атты халықаралық семинарының нәтижелерін жоғары бағалады.

CANWFZ өкілі ретінде сөз сөйлеген Қазақстанның ОАР-дағы Елшісі Қанат Тумыш, ядролық қарудан азат әлемге деген халықаралық күш-жігерді ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, CANWFZ-тің бұл үдеріске жасаған үлеске пен қол жеткізген жетістіктерге тоқталды. Қазақстандық дипломат бұл тұрғыда әлемдік қауымдастықты осы ізгі іс-әрекеттерді жалғастыруға шақырады.

 

Өз мәлімдемесінде Қазақстан Елшісі мынаны баса айтты: «Осы саладағы 2021 жылғы «Covid-19» індетіне байланысты қалыптасқан әлемдік жағдайды, атап айтқанда, бірнеше маңызды іс-әрекетті кешіктіру тұрғысынан бағалауыма келетін болсақ, мен келесі жайттарды атап өткім келеді. Бұл жағымсыз және сұрапыл жағдайда әлем жаңа қауіп-қатерлерге тап болды. Тіпті мерейтойлық 10-шы NPT шолу конференциясын да 2021 жылғы тамыз айына ауыстырдық, сондай-ақ басқа да маңызды іс-шаралар мен жобаларды кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Дүние жүзіндегі мұндай қиын жағдайда Қазақстан, күш-жігерімізді біріктіретін уақыт келді деген пікірде. Сондай-ақ, әскери блоктар тұрғысынан ойлауды тоқтататын және тиісті сенім шараларын қолдану арқылы қарусыздану процесін қазіргі ахуалға бейімдейтін уақыты келді».

Ол, сондай-ақ, Қазақстан Тұңғыш Президентінің ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы диалог құру жөніндегі бастамасын алға жылжытудағы AFCONE Хатшылығының да күш-жігерлерін жоғары бағалады.

Қазақ дипломаты, ү.ж. тамызда Қазақстан және әлемдік қауымдастық Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30-жылдығын атап өтетіндігін және осы мерейтойды мен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін (оффлайн режимінде немесе пандемиялық жағдайға байланысты онлайн ұйымдастырылатынына қарамастан) бірге атап өту үшін еліміз, тиісті жоғары деңгейлі қатысушыларын Нұр-Сұлтанда көруге қуанышты болатынын айырықша атап өтті. Ол, сондай-ақ: «1991 жылы 29 тамызда өз Жарлығымен әлемдегі екінші ірі Семей ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жауып тастаған Қазақстан Тұңғыш Президентінің тарихи шешімін, батыл қадамын әрдайым жақсы ескеруіміз қажет» деп атап өтті.

Пелиндаба шартының күшіне енуіне 12-жылдығына арналған жоғары деңгейдегі виртуалды іс-шарасы, жалпы, оған қатысушы аға лауазымды тұлғалардың ядролық қарусыз әлемді құру жолындағы күш-жігерлерді біріктіруге және қолданыстағы ядролық қарудан азат аймақтардың, сондай-ақ әртүрлі халықаралық ұйымдар, платформалар мен форумдардың өзара тығыз ынтымақтасу мен әрекеттесу арқылы, бұл үдеріске одан әрі қолғабыс көрсетуді жалғастыруға ниеттілігін қайта растаумен аяқталды. Олар халықаралық деңгейде танылған ядролық қарудан азат аймақтар, халықаралық қарусыздану мен таратпау режиміне, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, сондай-ақ атом энергиясын қауіпсіз және бейбіт мақсатта пайдалануға маңызды үлес қосады деп сенім білдірді.

 

#Kazakhstan30 #Qazaqstan30 #KZIndependence30