«EGEMEN QAZAQSTAN», ОҢТҮСТІКАФРИКАЛЫҚ АҚЫННЫҢ ЕЛБАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАП ЖАЗҒАН ПОЭТИКАЛЫҚ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖАРИЯЛАДЫ

«EGEMEN QAZAQSTAN», ОҢТҮСТІКАФРИКАЛЫҚ АҚЫННЫҢ ЕЛБАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАП ЖАЗҒАН ПОЭТИКАЛЫҚ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖАРИЯЛАДЫ

НҰР-СУЛТАН – ЦВАНЕ 2021 ж. 6-9 шілде

 

Қазақша аудармасы:

 

Ұлық Тәңіртау жүйесін жалғаған

Есіткің келсе Алатау дауысын,

Тауға Алматыда көтерілсең жетер –

Ұмытпайсың еш, ылғи сағынарсың!

 

Әлде құбылмалы түске боянған

Ерке Есілдің сарынды қуатына

Шомғың келсе, дүниеміз деп жалған –

Барсаң болды, Ақмола аймағына!

 

Ал келсе егер жүрегіңді қуантқың –

Қазақстанда мұражайларға барғын!

Не ғажап Алтын сарбазы Сақтардың,

Салтанаты мол аталмыш дәуірдің!

 

Сарыарқаның ортасында жайғасқан

Нұр-Астана тұр және Хазрет-Сұлтан,

Көп адамның көңілін баурап алған

Бұл ғажап мешіттерде – мәңгі иман!

 

Ұлы Дала Елінде көп сиқырлар –

Тілім қысқа-аһ, қалай сипатталар?!

Өлкеңізден бар әлемге таралар

Лағылдай қызғалдақтың иісі жұпар...

 

Алқасындай түрлі-түсті тәждердің

Атажұрты ол шегі жоқ көріктің!

Отаны білгір-сопы, ғалымдардың,

Туған жері көп жарық жұлдыздардың!

 

Қарсы алуда биыл сіз мерей тойын –

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа таңын,

Азаттық алғалы отыз жылдығын,

Желтоқсанның жеңісті жетістігін!

 

Елбасының бар шешімі данышпан,

Саясаты-бастамалары мәнді!

Өзі - жомарт жан және де ақылман,

Тұрақтылық-келісімнің тірегі! 

 

Қазақ Елінің Тұңғыш Президенті–

Тәуелсіз жұрттың негізін қалаған,

Ыстық жалынға жанған ол ұқсайды -

Мәртебелі Назарбаев Нұрсұлтан!

 

Африкамызда, сөзсіз, әуел бастан

«Адамзаттың ошағы» қалыптасқан.

Та-Кемет я «Қара жер» патшалығы

Өркениетімізді әмбеге аян қылған. 

 

Бұрыннан өлкем – «Күннің жері туған»,

Әзелде Азания деп аталған.

«Адам күнтізбесіне» негіз болған

Мәңгі тас осы елде жонып жасалған.

Ғаламшарда тұңғыш рет уақ ұғымы

Тұс-тұсқа бұл мәшһүр жерден таралған!

 

Өзіңізді әрдайым құрметтейміз,

Елбасы, Сізге есендік тілейміз!

«Түрлі-түсті ұлттар» мәңгі жайнаған

ОАР-дан Сізге сәлем біз береміз!

 

https://egemen.kz/article/280699-elbasynynh-tughan-kunine-onhtustikafrikalyq-aqyn-poetikalyq-quttyqtau-dgoldady

© egemen.kz

 

#Kazakhstan30 #Qazaqstan30 #KZIndependence30