Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы Елшісі АФКОНЕ Атқарушы хатшысымен кездесті

Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы Елшісі АФКОНЕ Атқарушы хатшысымен кездесті
Цване қаласы, 2021 жылғы 2 наурыз
2021 жылдағы 1 наурызда Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Африка Одағы аясында Африкалық ядролық энергетика жөніндегі комиссиясының (АФКОНЕ) Атқарушы хатшысы доктор Мессауд Баалиуамермен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ықтимал өзара іс-қимылдың, атап айтқанда қазіргі ядролық қарудан азат аймақтар, соның ішінде Африкалық ядролық қарудан азат аймақ (ANWFZ) және Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ (CANWFZ) арасындағы ынтымақтастықты институттандыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, тараптар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа халықаралық бастамасын - Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем үшін Көшбасшылардың Жаһандық Альянсын бірлесіп ілгерілетудің перспективаларын талқылады.
Осыған байланысты қазақстандық дипломат, доктор М.Баалиуамерді Әлемдік лидерлерге ядролық қауіпсіздік пен ядролық қару-жарақ үшін көшбасшылардың жаһандық альянсын құру туралы Астана клубының Ашық үндеуін қолдауға шақырды.