ОАР-дағы Қазақстан Елшілігі, еліміздегі жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолғабыс көрсетпек

ОАР-дағы Қазақстан Елшілігі, еліміздегі жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолғабыс көрсетпек

2021 жылғы 22 ақпанда, Қазақстан мен Оңтүстік Африканың іскер топтары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Қазақстанның ОАР-дағы Елшісі Қанат Тумыш, оңтүстікафрикалық танымал кәсіпкері әрі қоғам қайраткері Харұн Нұр Магомедпен және «The Event Works Agency» агенттігінің директоры, «Motorsports Group South Africa» және  «International Egames Group» компаниялардың өкілі Бан Фаррел ханыммен кездесу өткізді.

Қазақстан Елшілігінде өткен кездесудің аясында мәдениет пен туризм, сондай-ақ автомотоспорт өнеркәсібі және оған тиесілі мамандырылған техникалық жоғары білім саласында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың болашағы талқыланды.

Атап айтқанда, оңтүстікафрикалық тарап, орта мерзімде беделді спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру үшін әлеуетті қазақстандық серіктестермен өзара іс-қимылды орнатуға және осы ықпалдастық арқылы талқыланған салаларда Қазақстанға халықаралық инвестицияларды тартуға жол ашатын жобаларды ұсынды.

Мазмұнды әрі жемісті кездесудің нәтижелері бойынша, Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың іс жүзіндегі қадамдарын әзірлеу мақсатында тараптар, өз байланыстарын одан әрі жүйелі негізде жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.