Сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері Прагада талқыланды

Сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері Прагада талқыланды

Прага, 2025 жылғы 16 сәуір – Қазақстан мен Чехия арасындағы экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 12-ші отырысына дайындық аясында Қазақстан Республикасының Чех Республикасыдағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары – Чех тарапынан ҮАК тең төрағасы Мартин Фрелихпен кездесті.

Кездесу барысында 2025 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында өтетін Үкіметаралық комиссия отырысын ұйымдастыру және мазмұндық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара сауда көлемінің тұрақты өсу үрдісін атап өтті. Қазақстандық және чех кәсіпкерлерінің бірлескен жобалары мен ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.