Қазақстан мен Чехия арасындағы тікелей әуе қатынасының жандануы туристік алмасуды дамытуға ықпал етеді

Қазақстан мен Чехия арасындағы тікелей әуе қатынасының жандануы туристік алмасуды дамытуға ықпал етеді

Прага, 2024 жылғы 25 наурыз – Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі Астана-Прага бағыты бойынша тікелей әуе қатынасының алдағы ашылуына арналған бизнес-семинарға қатысты. Прага қаласының әуежайы мен «SCAT» әуекомпаниясы ұйымдастырған іс-шараға Чехияның «CzechTourism» туризмді ілгерілету агенттігінің, жергілікті туроператорларының, әуе билеттерін сату агенттіктерінің өкілдері қатысты. Сөз сөйлеу барысында ұйымдастырушылар қатысушыларға рейс 2024 жылғы 22 мамырдан бастап аптасына 2 рет жиілікпен жұмыс істей бастайтынын хабарлады. Ұшуларды Boeing 737-800 және Boeing 737 MAX 8 ұшақтары орындайды.

Өз кезегінде Елшілік Қазақстанның туристік мүмкіндіктері тақырыбында презентация ұсынды. Атап айтқанда, қатысушылар еліміздің негізгі географиялық сипаттамаларымен, тарихи және мәдени сипаттағы негізгі көрікті жерлерімен, сондай-ақ табиғи ландшафттардың алуан түрлілігімен танысты. Чех туристерін қызықтыратын көптеген бағыттар ұсынылды, соның ішінде экологиялық, экстремалды, гастрономиялық, этнотуризм және т. б. Осы тұрғыда жергілікті туроператорларға биыл қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Көшпенділердің халықаралық ойындары туралы ақпарат берілді.

Іс-шара Чехияның туристік саласы өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Жалпы Орталық Азия өңірі, және Қазақстан атап айтқанда, чех туристері арасында түрлі-түсті, дәм мен жарқын әсерлерді тартатын «жақын экзотиканың» жаңа бағыты ретінде танымалдылыққа ие болуда.