Прагада Қазақстан және Чехия жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Прагада Қазақстан және Чехия жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев болу елінің ең көне жоғары оқу орны – Карл университетінің ректоры Милена Краличковамен кездесті. Әңгіме барысында тараптар екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Б.Дүйсенбаев Қазақстан жоғары білім мен ғылымның сапасын арттыруға ерекше назар аударып отырғанын сөз өтті. Осы тұрғыда ол Чехияның қазақстандық студенттер үшін тартымдылығын атап өтті. Әлемнің үздік университеттерінде оқуға стипендия бөлетін «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы жұмысының оң тәжірибесіне назар аударды. Карл университетінің басшысын Қазақстанда филиал ашу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

М.Краличкова қазақстандық жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылдың өзекті жай-күйі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Карл университеті С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетімен тиісті меморандумдар жасасқанын хабарлады. Халықаралық зерттеу жобалары аясында жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, ректор қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.

Тараптар Қазақстан мен Чехия университеттері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға келісті.