Прага қаласында 2023 жылдың 21 сәуірде - Қазақстан Республикасының Елшілігі "Елім-Ай" қазақстандық мәдени орталығымен бірлесіп, Прага қаласы әкімдігінің қолдауымен "Чехиядағы Қазақстан халқының мәдениет күндері" фестивалінің салтанатты ашылу рәсімін өткізді.
Іс-шараға Чехия Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Парламент Сенатының депутаттары, Прага, Брно, Лидице, Ческе Крумлов қалаларының кітапханалары мен мұражайларының басшылары, Чех БАҚ бас редакторлары, "Қазақстан достары клубының" өкілдері, Чехияда оқитын қазақстандық студенттер қатысты.
Қазақстандық дипломаттар қонақтарға Қазақстан-Чех мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы екі елдің жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Чех қонақтары өз сөздерінде "Қазақстанның мәдениет күндері" Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтіп, бірегей табиғаты бар Қазақстан чехтар үшін жақын ел болып табылатынын атап өтті.
Чех көрермендері түрлі музыкалық және көркемөнер ұжымдарының қойылымдарын тамашалауға мүмкіндік алды. Фестиваль аясында "Қазақстан табиғаты" фотокөрмесі, "Менің Отаным - Қазақстан" балалар картиналарының көрмесі, чех тіліне аударылған қазақ жазушыларының кітаптарының көрмесі ұйымдастырылып, Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетілді.
Ашылу салтанаты бағдарламасының концерттік бөлімінде Орталық Азияның халық билерінің ұжымдары, қазақ күйлерінің орындаушылары, Прагада оқитын қазақстандық студенттер белгілі қазақ шығармаларын орындады.
Фестиваль аясында белгілі қазақ қоғам-саяси және мемлекет қайраткерлері, ақындар, жазушылар: Жамбыл Жабаев, Мұхтар Ауезов, Қаныш Сәтпаев, Жүсіпбек Аймауытов, "Алаш" қоғамдық-саяси қозғалысының көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновқа арналған деректі фильмдер, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған фотокөрмелер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының
Чех Республикасындағы Елшілігі