Прагада Республика күніне және ҚР Президентінің сайлауына арналған дөңгелек үстел өтті

Прагада Республика күніне және ҚР Президентінің сайлауына арналған дөңгелек үстел өтті

      Прага, 2022 жылғы 27 қазанда Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі Республика Күніне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауына арналған ғылыми және сараптамалық топтар өкілдерінің, болу елінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

      Қазақстандық дипломаттар аудиторияны Тәуелсіздік жылдарындағы елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктерімен, сондай-ақ қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ, брифинг барысында дипломаттар алдағы Президенттік Сайлау туралы егжей-тегжейлі айтып берді, аудиторияны Президенттікке кандидаттармен, олардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарымен таныстырды, Чех аудиториясына сайлауды өткізудің ұйымдастырушылық сәттері туралы толық ақпарат ұсынылды. Сарапшыларға Президенттік Сайлау қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге шақырулар берілді, Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі 2022 жылғы 25 қарашаға жоспарлады.

      Чех экономисі, әйгілі "E15" басылымының шолушысы Ян Столар өз сөзінде: "Мен Қазақстандағы оң әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көріп отырмын, бұл табыстың нағыз тарихы. Тәуелсіздік жылдарындағы экономиканың өсуі әсерлі. Барлық қиындықтарды еңсере отырып, ел дамудың жаңа деңгейіне шығып, жаңа биіктерге жетті. Қазақстан қалыптасқан қиындықтарға қарамастан, өзінің экономикалық өрлеу жолын жалғастыруда, елдің өзінің нақты және тексерілген стратегиялық даму жоспары бар".

      "Пражский магазин" Чех басылымдарының басшылары Алеш Флитчер пен "Ceske Noviny" Светозар Плесник өз сөздерінде Қазақстанның саяси рөлін атап өтіп, атап айтқанда: "бүгінде Қазақстан халықаралық аренада беделді, құрметті мемлекет болып табылады. Қазақстан әрқашан ядролық қарусыздануға қатысты маңызды бастамаларды көтерді, олар бүгінде бұрынғыдан да өзекті".

      Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы, Қазақстан мен Чех Республикасы халықтары арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуы, экономиканың жекелеген салаларын қалыптастыру және ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысу туралы баяндамалар ұсынды. Іс-шара барысында қазақстан-чех сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары және екіжақты қатынастарды нығайту контекстіндегі басқа да мәселелер талқыланды.

      Кездесу соңында конференцияға қатысушылар Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, елімізге өркендеу мен табыс тіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Чех Республикасындағы Елшілігі