Чех журналистері Қазақстандағы Негізгі Заң мен маңызды саяси Реформалар бойынша бүкілхалықтық референдумға шынайы қызығушылық танытты

Чех журналистері Қазақстандағы Негізгі Заң мен маңызды саяси Реформалар бойынша бүкілхалықтық референдумға шынайы қызығушылық танытты

Прага, 2022 жылдың 9 маусымы – Қазақстан Елшілігінде Чех бұқаралық ақпарат құралдары, «Қазақстан достары» клубының өкілдері және сонымен қатар, Мәдениет, Білім өкілдері арасынан Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Республикалық референдумның нәтижелері талқыланған брифинг өтті.

Қазақстандық дипломаттар іс-шараға қатысушыларды Республиканың Негізгі Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша қазақстандықтардың жалпы ұлттық дауыс беру қорытындыларымен егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ, дипломаттар қатысушыларды елдің саяси жүйесін жаңғырту жөніндегі реформалармен таныстырып, қазіргі саяси реформалар бағдарламасы Қазақстанның саяси дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіретінін атап өтті.

Чех сарапшылары одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын жаңа саяси Бағдарламаға үлкен қызығушылық танытты, бұл ретте жалпы ұлттық референдумның қорытындыларын жоғары бағалап, ұйымдастырудың жоғары деңгейін, жергілікті жерлерде және Орталықта мемлекеттік органдар жұмысының үйлесімділігін атап өтті. Нақты айтқанда, 2022 жылдың 3-6 маусым аралығындағы баспасөз туры аясында Нұр-Сұлтанға барған Чехияның қоғам қайраткері, «Хало Новины» Бас редакторы Роман Блашко бірінші кезекте басқа елдерден де өз әріптестерінің көп келгенін айқындап, бүкілхалықтық референдум кезінде Қазақстанның ашықтығын, атап айтқанда шетелдік саясаттанушыларды, шетелдік сарапшылар мен тәуелсіз қоғам қайраткерлердің көптігіне тоқталып кетті. Сонымен қатар, Р.Блашко Қазақстан өзінің заманауи инновациялық технологиялық шешімдерімен басқа елдермен маңызды мемлекеттік, саяси іс-шараларды өткізудің жақсы және пайдалы тәжірибесімен бөлісе алатынын атап өтті.

Чехияның «Прага жаңалықтары» басылымының бас директоры Светозар Плесник өз сөзінде: «Саяси міндеттер олардың ауқымдылығы мен өршілдігі тұрғысынан өте маңызды болып көрінеді, мен Қазақстан халқының барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынына сенімдімін. Саяси жаңғыртудың қалыптасқан жүйесі сындарлы диалог құруға ықпал етеді және көптеген әлеуметтік-экономикалық міндеттерді неғұрлым сапалы орындау үшін жағдай жасайды. »

Қазіргі уақытта Чехияның танымал «Pravo» басылымында жарияланып жүрген белгілі Чех заңгері Алеш Кратохвил өз сөзінде Қазақстанда Конституциялық сотты Конституцияның ережелерін қатаң сақтау, өлім жазасына тыйым салуды заңнамалық бекітуді енгізу және оның өкілеттіктері туралы Конституциялық заң қабылдау арқылы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлін күшейту үшін қайта құрудың маңыздылығын атап өтті.

Чех сарапшыларымен журналистері Қазақстанды одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын жаңа саяси Бағдарламаға жоғары қызығушылық танытты.

Іс-шара соңында сындарлы пікір алмасу болды.

 

Қазақстан Республикасының

Чех Республикасындағы Елшілігі