Қазақстан Елшісі Марат Тәжиннің Чехия Парламентінің төменгі палатасының депутаттарымен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісі Марат Тәжиннің Чехия Парламентінің төменгі палатасының депутаттарымен кездесуі туралы

Прага қаласы, 2022 жылдың 7 сәуірі – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Марат Тәжин Чехия Парламентінің төменгі палатасының депутаттарымен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дәстүрлі достық және сенімді сипатын, сондай-ақ Қазақстанның екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға ұмтылысын атап өтті. Марат Тәжин Чех парламентарийлерін Президент Қ.Тоқаев жүргізіп отырған бағытқа сәйкес Қазақстанда болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту тақырыбын талқылай отырып, Елші өзара іс-қимылды жандандыруды, атап айтқанда, екі ел парламенттерінің парламентаралық "Достық топтары" мен ынтымақтастығы және депутаттардың өзара сапарларын ұйымдастыруды ұсынды.

Чех депутаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына, Қазақстанды одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын жаңа саяси Бағдарламаға үлкен қызығушылық танытты.

 

Қазақстан Республикасының

Чех Республикасындағы Елшілігі