Қазақстанның жаңа Конституциясы мен сот-құқықтық реформалары Чехияның Жоғарғы сотында таныстырылды

Қазақстанның жаңа Конституциясы мен сот-құқықтық реформалары Чехияның Жоғарғы сотында таныстырылды

Брно, 2026 жылғы 30 маусым - Чех Республикасы Жоғарғы сотының Төрағасы Петр Андялошидің шақыруымен Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбдірахманов азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі болу елдің жоғары сот органында болды.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің сот жүйелерін одан әрі дамыту, құқық үстемдігі қағидатын нығайту, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауда тәуелсіз сот төрелігінің рөлін арттыру мәселелері жөнінде мазмұнды пікір алмасты.

Әңгіме барысында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және құқықтық реформаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және адам құқықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталған жаңғырту үдерістерінің маңызы сөз болды.

Осы тұрғыда 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының сот-құқықтық жүйені одан әрі жетілдірудегі және «Заң және Тәртіп» қағидатын дәйекті іске асырудағы айқындаушы рөлі атап өтілді.

Өз кезегінде Петр Андялоши Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының ережелері заманауи талаптарға толық сай келетінін және қоғам мен мемлекеттегі демократиялық құндылықтарды одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ сот практикасының өзекті мәселелерін, сот төрелігі институттарына қоғамдық сенімді арттыру тетіктерін және екі елдің заңгерлер қауымдастықтары арасындағы тәжірибе алмасуды талқылады. Сонымен қатар Әділет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде Венеция комиссиясы аясындағы өзара іс-қимылды және сот төрелігі мәселелеріне қатысты халықаралық конвенцияларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы құқық саласындағы диалогты одан әрі дамытуға және екі елдің сот институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделіліктің жоғары екенін тағы бір мәрте растады.